Дауылды ескерту: ШҚО-ның бірқатар аймағында жел күшейеді
depositphotos.com
«Қазгидромет» ШҚ филиалының хабарлауынша, 18 қараша күні облыстың солтүстік бөлігінде тұман түседі. Көріну қашықтығы шектеліп, жолдарда қозғалыс қиындауы мүмкін, деп хабарлайды Altainews.kz.
Сонымен қатар, жел шығыстан және оңтүстік-шығыстан соғып, екпіні 15–20 м/с дейін күшейеді деп күтіледі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады:
- көлік жүргізушілеріне — жылдамдықты төмендетіп, арақашықтықты сақтау;
- жаяу жүргіншілерге — құлау мен жарақат алу қаупін болдырмау үшін барынша мұқият болу;
- қатты жел кезінде бос тұрған сымдарға, жарнамалық конструкцияларға, электр бағандарына жақындамау;
- автобус аялдамаларының артында, ағаштардың астында паналамау ұсынылады.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда тәулік бойы жұмыс істейтін 112 бірыңғай құтқару қызметіне хабарласуға болады.
Оқи отырыңыз