KZ
Өскемен
-7°
туман жел 2 м/с, В
505.53 593.44 6.34

Жаңа заң: зорлық-зомбылыққа ұшыраған балаларға көмек көрсету кабинеттері ашылады

Кеше, 11:30 73 Ержан Әбіш

Мемлекет басшысы бала құқықтарын қорғау жүйесіне елеулі өзгерістер енгізетін «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Құжат кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қарсы жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейтуге, жедел көмек инфрақұрылымын қалыптастыруға және жауапкершілік тетіктерін нақтылауға бағытталған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Заң нормалары ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен және депутаттық корпуспен бірлесіп әзірленген. Негізгі жаңашылдықтардың бірі – елімізде зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға арналған көмек көрсету кабинеттерінің ашылуы. Бұл кабинеттерде «бір терезе» қағидатымен кешенді қолдау көрсетіледі.

Мұнда балаға қолайлы жағдайда алғашқы психологиялық көмек көрсету, сот-медициналық сараптама жүргізу, бейінді мамандардың қатысуымен сауалнама алу қарастырылған. Мұндай тәсіл баланың әртүрлі ұйымдарға қайта-қайта бару қажеттілігін азайтып, психологиялық қайта жарақат алу қаупін төмендетеді.

Сонымен қатар білім беру ұйымдарында «баса назар аударуды қажет ететін кәмелетке толмағандарды педагогикалық сүйемелдеу» институты енгізіледі. Бұл құқық бұзушылықтардың алдын алуға және балаларға дер кезінде көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Заң аясында балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың бірыңғай вертикалін қалыптастыру үшін өңірлік Балалардың құқықтарын қорғау басқармаларын ашу көзделген. Жаңа құрылымдар үйлестіру, алдын алу, жедел қорғау және «тәуекел тобындағы» балаларға қолдау көрсету жұмыстарын атқарады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу