KZ
Өскемен
-10°
плотный туман Штиль
505.53 593.44 6.34

Тарбағатай ауданының Аналар кеңесі балаларға жаңажылдық тосын сый жасады

31.12.2025, 10:30 80 Айна Бакимбаева

Жаңа жыл қарсаңында Тарбағатай аудандық Аналар кеңесінің бастамасымен жүрекке жылу сыйлаған қайырымдылық шарасы өтті. Игі іс аясында әлеуметтік қолдауға мұқтаж 12 отбасының 47 баласына жаңажылдық тәттілер табысталды. Балалар үшін бұл күн ерекше қуаныш пен мерекелік әсерге толы болды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Аналардың мейірімі мен ел ішіндегі жанашыр азаматтардың қолдауы балалардың жүзіне шаттық сыйлап, келер жылға деген сенім мен үмітті арттырды. Шара барысында жылы лебіздер айтылып, мерекелік көңіл күй орнады.

Ауылдастары осы ізгі іске қолдау көрсетіп, балаларға қуаныш сыйлауға атсалысқан азаматтарға шынайы алғыстарын білдірді. 

Мерекелік шарада Аяз ата бейнесін Құралай Масалимова сомдап, Ақшақар рөлінде Гүлжан Қалтаева балаларға ерекше көңіл күй сыйлады. Ал тәттілерге алдын ала тапсырыс беріп, ұйымдастыру жұмысына белсене атсалысқан Гүлжан Тоқтаубаеваның еңбегін де ата-аналар ерекше атап өтті.

Мұндай қайырымды бастамалар қоғамдағы бірлік пен жанашырлықты нығайтып, жаңа жылдың шуақты көңіл күйін әр баланың жүрегіне жеткізетіні анық. Игі істер жалғасын тауып, мейірім мен ізгілік әрдайым ортамыздан табыла берсін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу