KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
505.53 593.44 6.34

Биыл қандастарға ШҚО бойынша 200 квота бөлінді

Бүгін, 18:00 45 Төлеуғазы Жансая

Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2026 жылға арналған өңірлік квотасы бекітілді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен 2026 жылға арналған өңірлік квота 8 278 адам болып белгіленген. Құжаттың негізгі мақсаты – Үкімет айқындайтын өңірлерге қандастар мен қоныс аударушыларды оңтайлы түрде қоныстандыру.

2026 жылы өңірлік квота облыстар бойынша мынадай тәртіппен бөлінеді.

Қандастар үшін:

Павлодар облысы – 977 адам

Ақмола облысы – 285 адам

Абай облысы – 264 адам

Шығыс Қазақстан облысы – 200 адам

Солтүстік Қазақстан облысы – 200 адам

Қостанай облысы – 200 адам

Атырау облысы – 125 адам

Батыс Қазақстан облысы – 30 адам

Қоныс аударушылар үшін:

Солтүстік Қазақстан облысы – 2 820 адам

Павлодар облысы – 1 655 адам

Шығыс Қазақстан облысы – 600 адам

Қостанай облысы – 485 адам

Абай облысы – 275 адам

Ұлытау облысы – 125 адам

Қарағанды облысы – 37 адам

Өңірлік квотаға енгізілген қандастар мен қоныс аударушыларға бірқатар мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі. Атап айтқанда, көшуге байланысты отбасының әрбір мүшесіне 70 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде біржолғы субсидия беріледі.

Сондай-ақ тұрғын үйді жалдау және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығындарын өтеу үшін 12 ай бойы бір отбасына 15-тен 30 АЕК-ке дейін субсидия қарастырылған. Бұдан бөлек, қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушілерге 400 АЕК мөлшерінде субсидия төленеді.

Қолдау шараларының қатарында қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жолдама беру, жұмысқа орналасуға немесе кәсіпкерлік бастаманы дамытуға жәрдемдесу, сондай-ақ тұрғын үй сатып алуға арналған экономикалық мобильділік сертификаттарын ұсыну көзделген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу