KZ
Өскемен
-24°
переменная облачность Штиль
508.91 594.36 6.33

Бұрқасын мен көктайғақ күтіледі – ШҚО

1.01.2026, 10:00 184 Базарова Айгүл

«Қазгидромет» Шығыс Қазақстан филиалының мәліметіне сәйкес, 1 қаңтар күні облыстың солтүстік және шығыс өңірлерінде қар жауып, бұрқасын мен көктайғақ күтіледі. Жел шығыс және оңтүстік-шығыстан соғып, аталған аумақтарда оның екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетуі мүмкін, деп хабарлайды Altainews.kz

Осыған байланысты Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады.

Атап айтқанда, қолайсыз ауа райы кезінде:

– ұзақ сапарларды жоспарламаған жөн, мүмкіндігінше жолға шықпау ұсынылады. Ал шығу қажет болған жағдайда алдын ала мұқият дайындық жасаңыз;

– көлік құралын басқару барысында жылдамдық режимін сақтап, арақашықтықты қатаң ұстаныңыз;

– жаяу жүргіншілер тайғанақ жолда абай болып, асықпай қозғалғаны дұрыс;

– қатты жел кезінде электр сымдарына және бос тұрған заттарға жақындамаңыз;

– автобус аялдамаларының артына немесе ағаштардың түбіне тығылмаңыз.

Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда «112» нөміріне хабарласу қажет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу