KZ
Өскемен
-35°
плотный туман Штиль
510.43 594.86 6.49

Астанада жүргізушісіз такси қатынай бастайды

8.01.2026, 15:30 108 Төлеуғазы Жансая

Астанада жүргізушісіз такси қызметі іске қосылмақ. Жоба биыл кезең-кезеңімен жүзеге асырылады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі 24.kz сілтеме жасап.

Алғашқы кезеңде жүргізушісіз такси Астана халықаралық әуежайы мен «Абу-Даби плаза» кешені арасында қатынайды. Жоба пилоттық режимде іске қосылады. Таксидің диспетчерлік қызметі тәулік бойы жұмыс істейді.

Осы бастамаға байланысты Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Көлік министрлігі, Астана қаласының әкімдігі және такси компаниясы жүргізушісіз таксиді дамыту жөнінде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Мамандардың айтуынша, жүргізушісіз көліктер жолдағы адам факторын азайтып, апат санын төмендетуге көмектеседі. Сонымен қатар, көлік қозғалысын реттеп, тұрғындардың жүріп-тұруын жеңілдетеді. Бұл, әсіресе, қозғалысы шектеулі азаматтар үшін қолайлы болмақ.

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі комитеті басқармасының басшысы Ербол Ахметовтің айтуынша, Астана 2026 жылы жүргізушісіз такси іске қосылатын Қазақстандағы алғашқы қалалардың бірі болады.

«Өздігінен жүретін автокөліктерді енгізу – ақылды қала стратегиясы мен цифрлы инфрақұрылымды дамыту аясында жүзеге асырылады. Пилоттық жобаның бағыты алдағы уақытта нақтыланады», – деді ол.




Фото: pixabay.com

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу