Тау шыңындағы жануарлар тіршілігі фототұзақ объективінде – ШҚО
Катонқарағай ұлттық паркінің Сарымсақты жотасын мекендейтін жабайы жануарлар фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
– Фототұзақты Ұлттық парктің ғылыми қызметкері В.М. Воробьев орнатқан. Құрылғы арқылы алынған бейнежазбалар мен фотосуреттер жануарлардың табиғи мекенінде еркін өмір сүріп жатқанын көрсетеді. Бұл материалдар жабайы табиғатты зерттеу, жануарлар санын бақылау және олардың тіршілік ету ерекшеліктерін анықтау үшін өте маңызды,– делінген ресми хабарламасында.
Мұндай бақылау жұмыстары Катонқарағай ұлттық паркінің табиғи байлығын сақтау мен қорғауға үлкен үлес қосады.
Фото: видео кескіндемесі
Оқи отырыңыз

