KZ
Өскемен
-26°
туман жел 1 м/с, С
509.63 592.34 6.54

Абай облысында «қара алтын» қуғандар құрықталды

16.01.2026, 13:30 296 Базарова Айгүл

Абай облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы Жарма ауданында заңсыз алтын өндіру әрекеттерінің жолын кесті. Арнайы рейд барысында тиісті рұқсатсыз алтын және өзге де пайдалы қазбаларды іздеумен айналысқан бес адам әшкереленді, деп хабарлайды Altainews.kz.

Бас прокуратура мәліметі бойынша жер қойнауын тонауға ұмтылған құқықбұзушылардан заңсыз қызметте пайдаланылған металл іздегіштер тәркіленді. Іс сотта қаралып, аталған тұлғалар Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 463-бабы бойынша кінәлі деп танылды.

Нәтижесінде әрқайсысына 41 286 теңге көлемінде айыппұл салынып, құрал-жабдықтары мемлекет кірісіне алынды.

Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы жер қойнауын заңсыз игеру — тек табиғатқа емес, қоғамға жасалған қиянат екенін атап өтіп, мұндай әрекеттер әкімшілік қана емес, қылмыстық жауапкершілікке де әкеп соғатынын қатаң ескертеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу