KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОШ
495.1 583.72 6.46

Тұрғын үйлердің қасбеттері жаңартылмақ – Өскемен

19.01.2026, 17:30 138 Базарова Айгүл

Өскемен қаласында тұрғын үй қасбеттерін абаттандыруға бағытталған ауқымды жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Қала әкімі Алмат Ақышовтың айтуынша, ағымдағы жылы Әуезов даңғылы бойында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін жаңғырту жоспарланып оты, деп хабарлайды Altainews.kz.

Жоба аясында заманауи фиброцемент материалдарымен қаптау, қасбеттерді сылау және сырлау жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар тұрғындардың тұрмыстық жайлылығын арттыру мақсатында балкондарды әйнектеу де көзделген. Бұл жұмыстар ғимараттардың сыртқы келбетін жаңартып қана қоймай, олардың ұзақ мерзімді беріктігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Қала басшысы атап өткендей, тұрғын үйлердің сәулеттік келбетін біріздендіру — қалалық ортаны көркейту жолындағы маңызды қадамдардың бірі. Қасбеттерді жаңғырту арқылы Өскеменнің жалпы келбеті айшықталып, қоғамдық кеңістіктер эстетикалық тұрғыдан үйлесімді бола түседі.

— Қаланың сыртқы келбеті — тұрғындардың өмір сапасының көрсеткіші. Сондықтан абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп, әрбір ауданның өзіндік сәулеттік ерекшелігі сақталады, — делінген қала әкімі Алмат Ақышовтың жазбасында.

Аталған жобалар Өскеменнің заманауи, қолайлы әрі тартымды қала ретінде дамуына серпін беріп, тұрғындар мен қонақтар үшін жайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу