KZ
Өскемен
-17°
небольшая облачность жел 2,5 м/с, ОШ
498.65 589.06 6.49

Аманжолов университетінің студенттеріне жалған ақшаны ажырату жолдары түсіндірілді

Бүгін, 18:00 30 Ержан Әбіш

Өскемен қаласында дуальды оқыту аясында Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің студенттері полицияның тәжірибелі криминалист-сарапшысымен кездесті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Химиялық және криминалистикалық сараптама» білім беру бағдарламасының екінші курс студенттеріне арналған дәрісті Өскемен қалалық Полиция басқармасының жедел-криминалистикалық бөлімінің бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Арман Мүліков өткізді. «Ақша қаражаттары мен банкноттарды техникалық-криминалистикалық зерттеу» тақырыбы болашақ мамандардың ерекше қызығушылығын тудырды.

Полиция қызметкері нақты тәжірибеде жалған купюралардың қалай анықталатынын, қорғаныс элементтерінің қайсысы бірінші тексерілетінін және ақша белгілерін криминалистикалық зерттеу кезінде қандай жабдықтар қолданылатынын жан-жақты түсіндірді. Теория қызметтік тәжірибеден алынған нақты мысалдармен толықтырылды.

Студенттер үшін Арман Мүліковтің жеке коллекциясы нағыз тосынсый болды. Банкноттар мен қорғаныс элементтерінің көрнекі үлгілері қатысушыларға мамандықтың қыр-сырына тереңірек үңіліп, сарапшы жұмысының ерекшелігін жақсырақ түсінуге мүмкіндік берді.

Қызметтегі полицейлермен тікелей, еркін форматтағы кездесу — дуальды оқытудың маңызды құрамдас бөліктерінің бірі. Ол студенттердің білімін тереңдетіп қана қоймай, болашақ кәсіби бағытын айқындауға көмектеседі.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінде мұндай кездесулер білікті кадрларды даярлауға және өңірдің жоғары оқу орындары мен құқық қорғау органдары арасындағы өзара байланысты нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу