KZ
Өскемен
-14°
туман жел 3 м/с, ОШ
503.35 590.63 6.62

ШҚО-да бағалы металды заңсыз қазумен айналысқан 19 шетел азаматы ұсталды

Фото: ШҚО ПД

11.09.2025, 11:30 218 Әбішев Ержан

Шығыс Қазақстан облысында полиция өңір экологиясына қауіп төндірген заңсыз әрекеттің жолын кесті. «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы барысында облыстық полиция қызметкерлері пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру фактісін анықтады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Өңірдегі аудандардың бірінде 19 шетел азаматы мен Өскемен қаласының екі тұрғыны ұсталды. Құмнан бағалы металл алуға арналған экскаваторлар, бульдозер, ұсатқыш қондырғылар және өзге де жабдықтар тәркіленді. Сондай-ақ құрамында алтын мен өзге де бағалы компоненттер бар металл бұйымдар анықталды, – деп мәлімдеді ШҚО Полиция департаменті.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Заңсыз әрекетке 20-дан астам адамның қатысы болуы мүмкін. Дәлелдер жиналып, қажетті сараптамалар тағайындалды, істің барлық мән-жайы анықталуда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу