KZ
Өскемен
-5°
небольшой снег жел 6 м/с, ОШ
503.35 590.63 6.62

Еліміз бойынша «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

23.01.2026, 11:00 79 Ержан Әбіш

Жол-көлік оқиғаларының санын азайту, жол қозғалысы саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 23-25 қаңтар аралығында республика аумағында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту, жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау және елдегі заңдылықты нығайту.

Іс-шара аясында полиция қызметкерлері басқа да құзырлы органдармен бірлесіп, еліміздің жолдарында профилактикалық бақылау жүргізіп, құқық бұзушылықтарды анықтайды әрі олардың жолын кесу шараларын қабылдайды.

Сонымен қатар тұрғындармен, әсіресе жасөспірімдер мен жастар арасында түсіндіру және алдын алу бағытындағы жұмыстар ұйымдастырылады.
Жолаушылар тасымалы кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, жалған немесе мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ көліктерді басқару фактілерін анықтауға, сондай-ақ жол қозғалысына қауіп төндіретін жүргізушілерге ерекше назар аударылады.

Бұдан бөлек, жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауына, қолайсыз ауа райы жағдайында жолға шығу кезінде қауіпсіздік талаптарын орындауына бақылау күшейтіледі.

Ішкі істер министрлігі елді мекендерде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу