KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 2 м/с, З
502.27 597.15 6.57

Былтыр ШҚО-да мүгедектігі бар 603 адам жұмысқа орналастырылды 

24.01.2026, 18:30 155 Әбішев Ержан

2025 жылы ШҚО-ның жұмыспен қамту органдарына мүгедектігі бар 1058 адам жүгінген. Олардың 603-і, яғни 78 пайызы тұрақты немесе субсидияланатын жұмыс орындарына орналастырылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

ШҚО-да Әлеуметтік кодекс аясында мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. 

Жұмыспен қамту органдары бұл санаттағы азаматтарға бос және субсидияланатын жұмыс орындарына орналастыру, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту, skills.enbek.kz платформасы арқылы онлайн-оқыту, сондай-ақ бизнес-идеяларды іске асыруға 400 айлық есептік көрсеткішке дейін қайтарымсыз грант беру сияқты қолдау шараларын ұсынады.

2025 жылы Business.enbek.kz порталында кәсіпкерлік негіздері бойынша 121 адам білім алып, оның 87-сі сертификат иеленді. Сонымен қатар 39 мүгедектігі бар азамат мемлекеттік грантқа қол жеткізсе, 9 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтті.

Жергілікті атқарушы органдар тарапынан да нақты шаралар қабылдануда. Атап айтқанда, 2025 жылы 199 кәсіпорында 734 жұмыс орны квоталанып, нәтижесінде 663 адам жұмыспен қамтылды. Ал 2026 жылға 201 кәсіпорында 718 жұмыс орнын квоталау жоспарланған.

Аталған шаралар мүгедектігі бар азаматтардың еңбек нарығына кірігуіне, табыс табуына және экономикалық белсенділігін арттыруға бағытталған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу