KZ
Өскемен
-19°
переменная облачность жел 1 м/с, СШ
498.65 589.06 6.49

«Қауіпсіз жол»: Шығыс Қазақстанда үш күнде 21 жүргізуші мас күйінде ұсталды

27.01.2026, 17:30 377 Базарова Айгүл

Шығыс Қазақстан облысында «Қауіпсіз жол» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды. Үш күн ішінде өңірде 1718 жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі тіркелді, деп хабарлайды Altainews.kz.

Полиция департаментінің мәліметінше, іс-шара барысында 91 көлікті пайдалануға тыйым салынып, 44 автокөлік айыппұл тұрағына жеткізілген. Сонымен қатар, 21 жүргізуші мас күйінде көлік басқарғаны үшін ұсталды.

Профилактикалық шара аясында 307 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтау — жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің өмірі мен денсаулығын қорғаудың негізгі кепілі екенін еске салады.



Фото: ШҚО ПД

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу