KZ
Өскемен
-16°
туман жел 1 м/с, С
503.35 590.63 6.62

Шығыс Қазақстанда тұмаумен сырқаттану көрсеткіші сегіз есеге артқан

Бүгін, 13:00 79 Базарова Айгүл

Шығыс Қазақстан облысы биылғы эпидемиологиялық маусымда жедел респираторлық-вирустық инфекция мен тұмауға шалдығу деңгейі айтарлықтай артқан өңірлердің қатарына кірді. Осыған орай өңірдің денсаулық сақтау жүйесі күшейтілген эпидемиологиялық бақылау режимінде жұмыс атқаруда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, 2025–2026 жылғы маусым басталғалы бері облыста ЖРВИ жұқтырудың 141 493 жағдайы тіркелген. Бұл өткен эпидмаусыммен салыстырғанда шамамен 4,6 пайызға жоғары. Ал тұмаумен сырқаттану көрсеткіші өткен кезеңмен салыстырғанда сегіз есеге артқан. Коронавирус инфекциясының екі жағдай анықталған.

Мамандар сырқаттанушылықтың өсуін соңғы айлардағы климаттық ерекшеліктермен және A/H3N2 тұмау штаммының жоғары вируленттілігімен байланыстырады.




Дамир Омаров

Фото: Жасанды интеллект 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу