Қатты аязға байланысты ШҚО-ның бірқатар мектебі онлайн оқытуға көшірілді
Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты 16 қаңтар күні бірқатар қала мен ауданда мектептер қашықтықтан оқытуға ауыстырылды. Синоптиктер мәліметінше, кей өңірлерде аяз –44 градусқа дейін жеткен, деп хабарлайды Altainews.kz.
Шемонаиха ауданында ауа температурасы –33 пен –38 градус аралығында. Осыған байланысты аудандағы барлық мектептер қашықтықтан оқыту форматына көшірілді.
Тарбағатай ауданында ауа температурасы –30-дан –37 градусқа дейін төмендеді.
– 27 мектепте 0–11 сыныптар онлайн форматқа ауыстырылды;
– Жаңаталап орта мектебі мен Д.Қонаев атындағы мектеп-балабақша штаттық режимде жұмысын жалғастыруда.
Ал Үлкен Нарын ауданында ауа температурасының –39 градусқа дейін төмендеуіне байланысты 1-ауысымда:
«Үштөбе», «Жұлдыз», «Сенное», «Балғын» негізгі орта мектептеріекі 0–9 сыныптар қашықтықтан оқытуға ауыстырылды.
Новополяковка, Алтынбел, Солдатово, Майемер, Қ. Дамитов атындағы, Үлкен Нарын орта мектебі, Үлкен Нарын ауылдық лицейі, Малонарым, Солоновка, Ново-Хайрузовка, Көкбастау, Көктерек орта мектептерінің 0–11 сыныптар онлайн оқиды.
Самар ауданында ауа температурасының –30-дан –38 градусқа дейін төмендеуіне байланысты 1-ауысымдағы Ы.Алтынсарин атындағы Самар бастауыш мектебі, Жаңажол бастауыш шағын жинақты мектебі, мектеп-бөбөкжай-балабақша кешенінің 0–4 сыныптары, М.Жұмабаев, М.Дулатов, И.Яроцкий, Қаракөл, С.Седнев, Пантелеймоновка негізгі мектептерінің 0–9 сыныптары, Ж.Болғанбаев атындағы Самар мектеп-лицейі, №1 Самар, Жамбыл, Аққала мектеп-балабақша кешені, Мариногорка, Сарыбел, Ә.Молдағұлова, Амангелді, Абай атындағы орта мектептерінің 0–11 сыныптары қашықтықтан оқиды.
Алтай ауданында ауа температурасының –44 градусқа дейін төмендеуіне байланысты 1 және 2-ауысымда 0–11 сыныптар толықтай онлайн оқытуға көшірілді. Бұл шешім Алтай, Серебрянск қалаларындағы, Жаңа Бұқтырма кентіндегі және ауданның барлық мектептеріне қатысты.
Күршім ауданында ауа температурасы –29-дан –38 градусқа дейін төмендеуіне байланысты:
1 және 2-ауысымда 0–11 сыныптар қашықтан оқиды — ауданның барлық мектептерінде;
0–9 сыныптар: Ақсуат, Бірлік, Барақ батыр, Жолнұсқау, Қайынды, Қойтас, Қыстау Күршім, Мөнекей, Үшбұлақ негізгі мектептері және Ақши бастауыш мектебі.
Глубокое ауданында ауа температурасының –33°С-тен –38°С-ке дейін төмендеуіне байланысты 1-ауысымдағы Белоусовка, Верх-Березовка бастауыш мектеп-балабақша кешендерінің 0–4 сыныптары, Белоусовка, Белокаменка, Степное негізгі мектептерінің 0–9 сыныптары, сондай-ақ, барлық орта мектептері қашықтықтан оқыту форматына көшірілді.
Зайсан ауданында қатты аяздың күтілуіне байланысты аудандағы барлық мектептер онлайн форматқа ауыстырылды.
Өскемен қаласында аяздың күшеюіне байланысты 16 қаңтар күні екі ауысымда 0–9 сынып оқушылары қашықтықтан оқытуға көшірілді.