ШҚО-да интернет-алаяқтықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық акция өтті
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалдарының бірінде полиция қызметкерлері ШҚО заң кеңесшілері палатасының өкілдерімен бірлесіп, өңір тұрғындарына арналған профилактикалық акция өткізді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Іс-шара барысында орталыққа келушілерге интернет-алаяқтықтың ең көп таралған түрлері түсіндіріліп, онлайн алаяқтықты қалай анықтауға болатыны, сондай-ақ жеке деректер мен қаржыны қорғау жолдары туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Сонымен қатар әрбір тұрғын өз қалауымен QR-код арқылы интернеттегі қауіпсіз іс-қимылға арналған пайдалы ақпарат пен практикалық кеңестер жинақталған арнайы профилактикалық сайтқа өту мүмкіндігіне ие болды.
Аталған акция Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарына онлайн-алаяқтықтан қорғанудың нақты тетіктерін ұсынып, интернеттегі қырағылық жеке қауіпсіздіктің басты кепілі екенін тағы бір мәрте еске салды.