KZ
Өскемен
-11°
туман жел 1 м/с, С
503.9 603.32 6.61

Аязға байланысты Алтай ауданында сабақ онлайн өтеді – ШҚО

14.01.2026, 07:30 117 Базарова Айгүл

Қатты аязға байланысты Алтай ауданының бастауыш сыныптары қашықтықтан оқытуға көшіріледі, деп хабарлайды Altainews.kz.

14 қаңтар күні ауа температурасының –31 градусқа дейін төмендеуіне байланысты Алтай ауданының төмендегі мектептерінің 1-ші және 2-ші ауысымда оқитын 0–4 сынып оқушылары қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылады:

– «Чапаев орта мектебі» КММ;

– «Михаил Харин атындағы бастауыш мектебі» КММ;

– «Соловьев орта мектебі» КММ;

– «Новокрестьянка бастауыш мектебі» КММ;

– «Михаил Бикетов атындағы орта мектебі» КММ;

– «Бородино орта мектебі» КММ;

– «Первомайское орта мектебі» КММ;

– «Тұрғысын орта мектебі» КММ;

– «Никольск орта мектебі» КММ.

Білім беру барысы қашықтықтан оқыту платформалары арқылы ұйымдастырылып, сабақтар бекітілген кестеге сәйкес өткізіледі. Ата-аналар мен оқушыларға қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігі ескертіледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу