Шығыс Қазақстанда 407,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
Шығыс Қазақстан облысында 2025 жылы құрылыс саласында атқарылған жұмыс көлемі ұлғайып, жалпы көрсеткіш 458,8 млрд теңгені құрады. Бұл мәселе облыс әкімдігінің отырысында қаралып, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған жоспарлар да талқыланды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Ресми мәліметке сәйкес, құрылыс жұмыстарының нақты орындалған көлемін көрсететін индекс 109,3 пайыз деңгейінде тіркелді. Атап айтқанда, Катонқарағай, Марқакөл және Тарбағатай аудандарында құрылыс жұмыстарының белсенді жүргізілгені байқалды. Ал Риддер қаласында, Алтай, Глубокое және Күршім аудандарында көрсеткіш төмендеген.
Әкімдік отырысында тұрғын үй құрылысына да ерекше назар аударылды. 2025 жылы облыста 407,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда сәл жоғары. Тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша Риддер қаласында, Марқакөл және Зайсан аудандарында көлем артқаны байқалса, Самар, Алтай және Тарбағатай аудандарында керісінше төмендеу тіркелген.
Ендігі міндет – облыс бойынша құрылыс қарқынын тұрақты деңгейде ұстап қана қоймай, көрсеткіші төмен өңірлердегі жұмысты күшейту. Бұл бағыттағы жоспарлар 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында жалғасады.
Дамир Омаров
Аударған: Жансая Төлеуғазы
Фото: Жібек Нұрахмет



