ШҚО ТЖД қолайсыз ауа райында алыс сапарға шықпауды ескертті
Құтқарушылар азаматтарды сақтық шараларын сақтауға, дауылды ескертулерді қадағалауға және қолайсыз ауа райы жағдайында алыс сапарларға шықпауға шақырады. Ауыл тұрғындарына ауа райының нашарлауы жағдайында ұзақ серуендеуден бас тарту ұсынылады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райының нашарлауы туралы дауылды ескертулер мен автожолдардың жабылуы туралы хабарламалар СМС-хабарламалар, интернет-ресурстары және әлеуметтік желілері арқылы халыққа жеткізіледі.
Төтенше жағдайлар министрлігі халықтың назарын қысқы кезеңде әлі қатпаған мұзға шығу қаупі туралы ескертеді және су айдындарында болған кезде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ұсынады.
Қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға жедел ден қою мақсатында 44 мыңнан астам адам және 14 мыңнан астам техника бар күштермен құралдар тобы дайындалды.
Ел өңірлерінде 1681жылыту пункті дайындалды. Сонымен қатар ТЖМ 40 трассалық медициналық-құтқару пункті жылыту пункттері ретінде пайдаланылатын болады.