KZ
Өскемен
-8°
туман жел 1 м/с, ОШ
512.83 600.58 6.36

ТЖМ ескертеді: қатпаған мұздың үстімен жүру қауіпті

Кеше, 11:00 48 Ержан Әбіш

Қысқы кезеңде жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында еліміздің өңірлерінде республикалық үгіт-насихат және профилактикалық жұмыстар жалғасуда. Құтқарушылар азаматтарға мұз үстінде қауіпсіз жүру қағидаларын, мұз астынан балық аулау талаптарын, сондай-ақ қысқы белсенді демалыс кезіндегі сақтық шараларын түсіндіруде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар мұз астынан балық аулау орындарындағы бақылауды күшейтті. Балықшылармен қатпаған мұзға шығудың қауіптілігі, сондай-ақ құтқару жилеттері мен өзін-өзі құтқару құралдарын пайдаланудың маңыздылығы туралы профилактикалық әңгімелер жүргізілді. Қысқы кезең басталғалы бері өңірде ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабы бойынша 31 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Құтқарушылар кез келген көлік құралымен, оның ішінде квадроциклдер мен қарда жүретін техникалармен мұз үстіне шығуға қатаң тыйым салынатынын еске салады. Сонымен қатар сырғанақтарда және тюбингпен сырғанау кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттігі атап өтілді.

Азаматтарға тек арнайы жабдықталған орындарды таңдау, қауіпті еңістерден сырғанамау, тюбингте дұрыс отыру ережелерін сақтау және балаларды қараусыз қалдырмау ұсынылады.

Қазақстан ТЖМ азаматтарды қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға, өз өмірі мен жақындарының қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады. Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне дереу хабарласу қажет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу