KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 4 м/с, ОБ
505.53 593.44 6.34

Балықшыларды мұз үстіндегі қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады – ШҚО

Кеше, 17:00 85 Базарова Айгүл

Шығыс Қазақстан облысында Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары су айдындарындағы балық аулайтын орындарда рейдтік іс-шараларды күшейтті. Мамандардың айтуынша, ауа температурасының құбылуы мен күн райының өзгеруі мұздың беріктігіне тікелей әсер етіп отыр. Бұл адам өміріне төнген тікелей қауіп, деп хабарлайды Altainews.kz.

Рейд барысында ТЖД қызметкерлері балықшыларға мұзға шығудың аса қауіпті екенін ескертіп, балық аулау құралдарымен қатар міндетті түрде құтқару кеудешесі мен арнайы құтқару жабдықтарын өзімен бірге алып жүру қажеттігін түсіндірді.

ШҚО ТЖД мәліметінше, өңірде мұз үстіндегі қауіпсіздік талаптарын бұзған 31 адам Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 412-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Құтқарушылар су айдындарындағы қауіпсіздік ережелеріне сәйкес, мұзға шыққан кезде әрбір азаматтың жанында ысқырық, құтқару кеудешесі, шильц, ұзындығы мен қалыңдығы жеткілікті арқан, сондай-ақ ұзындығы кемінде екі метрлік таяқ болуы тиіс екенін еске салады. Сонымен қатар, қараңғы уақытта және көріну деңгейі төмен жағдайда мұзға шығуға қатаң тыйым салынады.

Мамандар төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне жедел хабарласу қажеттігін тағы да ескертеді.


Фото: ШҚО ТЖД 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу