Ауылдағы мал дәрігерлерінің жалақысы артады
Келер жылы ауылдағы ветеринардың жалақысы 400 мың теңгеден асады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, Республикалық бюджет комиссиясы ветеринария мамандарының жалақысын көтеру үшін 22 млрд теңге көлемінде қаржыландыруды қолдаған.
Осылайша ол 2027 жылдың қаңтарынан ауылдағы ветеринария мамандары 400 мың теңгеден астам жалақы алатынын растады.
Қоса кетейік, бұған дейін вице-министр «ветеринария» мамандығында оқып жатқан студенттердің шәкіртақысын өсіру мәселесін де көтерген болатын.
Еске салсақ, өткен күзден бастап педагогикалық мамандықта оқитын студенттердің айлық стипендиясы 84 мың теңге болды.