KZ
Өскемен
-11°
туман Штиль
503.9 603.32 6.61

Боранға байланысты жол жабылды – ШҚО

12.01.2026, 10:00 96 Базарова Айгүл

«Қазжолсервис» ШҚ филиалының мәліметінше, 12 қаңтар күні сағат 10:30-дан бастап ауа райының күрт нашарлауына байланысты «Өскемен – Семей» республикалық маңызы бар автожолының 10–103-ші шақырымдары, яғни, Герасимовка ауылы – Абай облысының шекарасы арасындағы бөлігі барлық санаттағы автокөлік қозғалысы үшін жабылды, деп хабарлайды Altainews.kz.

Шектеу себебі – қатты боран мен екпінді жел. Жол қызметі мен құтқару бөлімшелері күшейтілген режимге көшті. Тиісті мекемелер тұрғындардан алыс жолға шықпауға, ауа райы мен жол жағдайына қатысты ресми хабарламаларды жіті қадағалап отыруға кеңес береді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу