KZ
Өскемен
-17°
небольшой снег жел 1 м/с, С
505.71 591.43 6.65

Дауылды ескерту: ШҚО-да қатты жел соғып, көктайғақ күтіледі

12.01.2026, 09:00 97 Базарова Айгүл

«Қазгидромет» ШҚФ мәліметіне сәйкес, 12 қаңтарда облыс аумағында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болады, бұрқасын соғып, көктайғақ сақталады. Ал шығыс бөлігінде қатты қар күтіледі, деп хабарлайды Altainews.kz.

Жел оңтүстік және оңтүстік-батыс бағыттан соғып, екпіні 25 м/с дейін жетуі ықтимал.

Өскемен қаласында да қар жауып, бұрқасын күтіледі. Күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, бұрқасын және көктайғақ болуы ықтимал. Желдің екпіні 15–20 м/с дейін жетеді.

Мамандар қолайсыз ауа райы кезінде алыс сапарды жоспарламауға кеңес береді. Егер жолға шығу қажет болса, көлік құралын мұқият дайындап, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау ұсынылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу