KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 1 м/с, С
509.94 593.88 6.43

Өмір үшін маңызды рейс: санитарлық авиация ШҚО-да шұғыл көмекке келді

Кеше, 15:30 109 Базарова Айгүл

Шығыс Қазақстан облысында шұғыл медициналық көмекке мұқтаж науқастың өмірін сақтап қалу үшін жедел әуе тасымалдауы жүзеге асырылды, деп хабарлайды Altainews.kz.

Риддер қаласындағы медициналық мекемеде емделіп жатқан науқастың жағдайы күрт нашарлауына байланысты ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиақұтқару» тікұшағы арнайы ұшты. Әуеде пациенттің жағдайын санитарлық авиация дәрігерлері Айгүл Кудербаева мен Бек Асаубаев үнемі бақылауда ұстап, қажетті медициналық көмекті дер кезінде көрсетіп отырды.

Тікұшақты тәжірибелі ұшқыштар Сергей Пинигин мен Бауыржан Бүтенбаев басқарып, қиындықтары бар ұшу маршрутын барынша қауіпсіз орындады. Соның нәтижесінде науқас Өскемен қаласындағы медициналық мекемеге жедел жеткізіліп, әрі қарай мамандандырылған ем қабылдау мүмкіндігіне ие болды.

Мамандардың айтуынша, мұндай шұғыл әуе тасымалдаулары адам өмірін сақтап қалуда шешуші рөл атқарады және санитарлық авиацияның маңызын айқын көрсетеді.


Фото: ШҚО ТЖД 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу