KZ
Өскемен
-24°
туман жел 1 м/с, С
506.7 593.14 6.53

Қаңтар айындағы ҰБТ басталды: тестілеу 10 ақпанға дейін жалғасады

10.01.2026, 10:00 179 Төлеуғазы Жансая

Бүгін қаңтар айында өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) ресми түрде басталды. Биылғы қысқы тестілеу 10 ақпанға дейін жалғасады. ҰБТ-ға қатысуға 187 мыңға жуық талапкер өтініш берген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 мыңға көп, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Талапкерлердің басым бөлігі тестілеуді қазақ тілінде тапсыруды таңдаған. Нақтырақ айтсақ, қатысушылардың 75,2 пайызы – қазақ тілінде, 24,6 пайызы – орыс тілінде, ал 189 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтуге ниет білдірген.

Айта кету керек, өтініш беру барысында талапкерлер тестілеу күнін, уақытын және өткізу пунктін өздері таңдады. Бұл олардың жеке жоспарына ыңғайлы жағдай жасауға мүмкіндік берді.

Білім саласындағы уәкілетті органның мәліметінше, 2026 жылы ҰБТ форматы өзгермейді. Талапкерлер бұрынғыдай үш міндетті пәнді және екі бейіндік пәнді тапсырады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу