KZ
Өскемен
-11°
туман жел 2 м/с, В
503.35 590.63 6.62

«Үміт» балалары халықаралық байқауда Бас жүлде алды

21.01.2026, 16:30 216 Базарова Айгүл

«Үміт» балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері Алматы қаласында өткен «Асыл Арман–2026» халықаралық көпжанрлық хореографиялық байқауда бақ сынап, жоғары шеберлікпен Бас жүлдеге ие болды. Жеңіс нәтижесінде жас өнерпаздар Түркия еліне жолдама ұтып алды, деп хабарлайды Altainews.kz.

Байқаудың салтанатты ашылу рәсімінде «Үміт» орталығының ұжымы мен тәрбиеленушілері көрермендерге жүрекке жылы әсер сыйлаған «Ана мен бала» вальс биін орындап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

Жарысқа мекемеден барлығы 39 тәрбиеленуші мен 35 қызметкер барды. Жалпы байқауға 30 түрлі ұйымнан 1380 бала қатысқан.

«Бізге мәдени демалыс ұйымдастырылып, естен кетпес әсерлі сәттер мен сыйлықтар тарту етілді. Сонымен қатар Алматы қаласының көрікті, әсем жерлерімен, «Заманауи өнер» мұражайымен танысып, «Шымбұлақ» демалыс аймағында демалуға мүмкіндік жасалды. Ұйымдастырушылар мен қолдаушыларға мың алғыс!», - дейді орталық тәрбиеленушісі Асанат Шойынбаев.

Айта кетейік, халықаралық байқаудағы бұл жеңіс «Үміт» балаларды қолдау орталығы тәрбиеленушілерінің шығармашылық әлеуеті мен жүйелі дайындық деңгейін көрсетеді. Алынған жолдама жас өнерпаздарға халықаралық сахнада өнер көрсетуге және тәжірибе алмасуға жол ашары сөзсіз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу