KZ
Өскемен
-19°
плотный туман Штиль
503.17 600.89 6.63

Қан орталығында ашық есік күні өтеді

Фото: pexels.com

12.06.2025, 09:00 233 Айдос Мырзахметов

Жанға үміт, жүрекке жылу сыйлайтын жандарды ұлықтайтын күн жақындап қалды. 13 маусым – Дүниежүзілік қан доноры күніне орай Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында «Қан тапсырып – үміт сыйла! Бірге өмірді сақтаймыз!» атты шара өтеді, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Бұл күн – қайырымдылық пен жанашырлықтың, адам өміріне деген шынайы жауапкершіліктің белгісі. Сағат 10:00-де басталатын салтанатты жиында қан тапсыру арқылы өмір сыйлаған жандарға құрмет көрсетіліп, алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталады, сондай-ақ мерекелік концерт ұйымдастырылады.

Шара аясында бұқаралық ақпарат құралдары үшін ашық есік күні өткізіліп, журналистер қан орталығының жұмысымен таныса алады. Бұл – донорлық мәдениетті насихаттауға бағытталған маңызды бастама.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу