KZ
Өскемен
-23°
плотный туман Штиль
503.17 600.89 6.63

ШҚО еңбек нарығының 2025 жылғы қорытындылары: табыс өсіп, ондаған мың жаңа жұмыс орны ашылды

Кеше, 18:30 109 Базарова Айгүл

Шығыс Қазақстан облысында 2025 жылдың қорытындысы бойынша еңбек нарығындағы негізгі көрсеткіштер жарияланды. Өңірде орташа жалақыға 10 пайызға жуық өсім тіркеліп, жұмыссыздық деңгейі республикалық көрсеткіш шегінде сақталды, ал құрылған жаңа жұмыс орындарының саны ондаған мыңға жетті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Облыс әкімдігінің отырысында халықты жұмыспен қамту мен табыс деңгейіне қатысты басты көрсеткіштер таныстырылды. 2025 жылдың қаңтар–қыркүйек айларының қорытындысы бойынша өңірдегі орташа айлық жалақы 403,1 мың теңгені құрап, 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9,5 пайызға артқан.

Еңбек нарығындағы жағдай да тұрақты. 2025 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайыздан аспады. Көрсеткіш республикалық орташа деңгейде.

Отырыста жаңа жұмыс орындарын құру мәселесіне де ерекше назар аударылды. 2025 жылы Шығыс Қазақстан облысында барлығы 28,7 мың жұмыс орны ашылды. Оның ішінде 21,8 мыңы – тұрақты, ал 6,9 мыңы – уақытша жұмыс орындары. Бұл көрсеткіштер өңірде жұмыспен қамтылғандар санының артып, экономиканың орнықты дамып келе жатқанын аңғартады.

Жалпы алғанда, еңбек нарығы – өңірдің әлеуметтік ахуалын айқындайтын негізгі көрсеткіштердің бірі. Жұмыс бар, халықтың табысы өсуде, ал жұмыссыздық деңгейі жалпыұлттық шектен шықпай отыр.

Алдағы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында өңір алдында осы оң үрдістерді одан әрі нығайту және еңбек нарығындағы тұрақтылықты сақтау міндеті тұр.


Дамир Омаров


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу