KZ
Өскемен
-23°
плотный туман жел 1 м/с, С
501.02 597.27 6.59

Ұлы Отан соғысы ардагеріне сарбаздардан құрмет

Бүгін, 15:30 57 Базарова Айгүл

Өскемен қаласындағы 99230 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Ұлы Отан соғысының ардагері Макар Харинге арнайы барып, тұрмысына көмек көрсетті. Бұл игі іс – майдангерге деген шынайы қамқорлық пен терең құрметтің айқын көрінісі, деп хабарлайды Altainews.kz.

Қыс мезгілінде қардың қалың түсуіне байланысты сарбаздар ардагердің ауласын мен үй шатырын толықтай тазалап шықты. Әскери қызметшілер үшін мұндай шаралар тек көмек көрсету ғана емес, сонымен қатар ел тарихына, Отан қорғаған аға буынға тағзым етудің жарқын үлгісі.

Ардагердің қызы Вера Макаровна көрсетілген қолдауға ризашылығын білдірді.

– Біздің отбасымыз үшін мұндай қамқорлықтың мәні зор. Әскери қызметшілердің көмегі бізге үлкен демеу болды. Көрсетілген ықылас, құрмет пен жылы қарым-қатынас үшін шын жүректен алғыс айтамыз, – деді ол.

Өз кезегінде Макар Харин де әскерилерге алғысын жеткізіп, жастарға ақ батасын берді. Оның айтуынша, мұндай игі бастамалар жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік рухты қалыптастырып, аға буынға деген сыйластықты нығайта түседі.

Айта кетейік, ардагерлерге қамқорлық көрсету – әскери қызметшілер арасында қалыптасқан игі дәстүр. Мұндай шаралар ел өткеніне құрметпен қарап, тарихи жадыны сақтауға ықпал етеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу