KZ
Өскемен
-14°
туман жел 3 м/с, ОШ
503.35 590.63 6.62

Қазақстанда өрт қауіпсіздігі өнімдерін тексеретін жаңа орган құрылады

21.01.2026, 19:00 99 Төлеуғазы Жансая

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі өрт қауіпсіздігі саласында өнімдердің талаптарға сай екенін растайтын арнайы орган құру жұмыстарын жүргізуде. Жаңа орган министрлікке қарасты «Азаматтық қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер, даярлау және оқыту ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының базасында орналасады деп жоспарлануда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұл орган Еуразиялық экономикалық одақтың «Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрт сөндіру құралдарына қойылатын талаптар туралы» 043 техникалық регламенті аясында жұмыс істейтін болады. Аталған регламентте міндетті түрде сертификатталуы немесе декларациялануы тиіс өнімдердің нақты тізімі белгіленген. Оған өрт сөндіру техникасы, өрт-техникалық жабдықтар, өрт сөндіргіштер, өрт дабылы жүйелері және басқа да өрт қауіпсіздігіне арналған құралдар кіреді.

Қазіргі таңда Қазақстан аумағында өрт-техникалық өнімдердің кейбір түрлері бойынша ғана қызмет көрсететін шамамен бес жекеменшік сәйкестікті растайтын орган жұмыс істеп тұр.

Төтенше жағдайлар министрлігі базасында құрылатын жаңа орган ЕАЭО 043/2017 техникалық регламентінің талаптарына толық сәйкестікті бағалауды жүзеге асырады деп жоспарланып отыр.

Бұл бастама өрт қауіпсіздігі саласындағы өнімдердің сапасын бақылауды күшейтуге, сәйкестікті бағалау жүйесінің тиімділігін арттыруға және техникалық реттеу инфрақұрылымын нығайтуға мүмкіндік береді. Сәйкестікті растайтын органды құру жұмыстары биыл аяқталады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу