KZ
Өскемен
-10°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
507.05 594.82 6.51

Сәби өмірін құтқару операциясы

16.11.2025, 18:00 196 Базарова Айгүл

Риддер қаласынан Өскеменге дейінгі шұғыл әуе маршруты тағы бір баланың өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Altainews.kz.

«Қазавиақұтқару» мекемесінің ұшқыштары Сергей Пинигин мен Азамат Кабден, сондай-ақ санитарлық авиацияның тәжірибелі дәрігерлері Ботагөз Акашева мен Лариса Величко шұғыл медициналық көмекке мұқтаж жаңа туған нәрестені дер кезінде облыс орталығына жеткізді.

Ұшу операциясы сәтті орындалды. Медициналық және авиациялық қызмет мамандарының үйлесімді жұмысы мен жоғары кәсібилігінің арқасында нәресте Өскемендегі мамандандырылған медициналық ұйымға уақтылы жеткізіліп, қажетті ем шаралары басталды.

Бұл оқиға – төтенше жағдайлар қызметінің қырағылығы мен медицина мамандарының жанкешті еңбегінің айқын дәлелі.


Фото: ШҚО ТЖД

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу