KZ
Өскемен
-14°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
503.35 590.63 6.62

Облыс бойынша бүгін бірнеше мектепте сабақ онлайн форматта өтеді

20.01.2026, 07:30 278 Базарова Айгүл

Шығыс Қазақстан облысы бойынша ауа температурасының төмендеуіне байланысты бірнеше ауданда оқыту форматы өзгертілді, деп хабарлайды Altainews.kz

Ұлан ауданы бойынша ауа температурасының –29°С-ке дейін төмендеуіне байланысты бірінші ауысымдағы "Клименко орта мектебі" – 1-11 сыныптары, "Ақжолов атындағы негізгі мектеп" КММ – 0-9 сыныптары, ал "Сейфуллин атындағы негізгі мектеп", "Асубұлақ  орта мектебі", "Герасимовка  орта мектебі", "Б.Ахметов орта мектебі", "Қанай орта мектебі" – 0-4 сыныптары қашықтықтан оқыту форматына көшіріледі.

Күршім ауданында температура көрсеткіші –37 градусқа дейін төмендеуіне байланысты барлық мектептерде бірінші және екінші ауысымдағы 0-11 сынып оқушылары онлайн оқиды. 

Алтай ауданында да барлық мектеп оқушылары екі ауысымда да қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылды. Мұнда термометр –42°С көрсетуде.

Глубокое ауданында жалғыз Уваров орта мектебінде бірінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары үшін сабақ онлайн форматта өтеді. 

Катонқарағай ауданы бойынша ауа температурасы– 37 градус. Үшбұлақ, Жазаба бастауыш мектептері, "Оралхан Бөкей атындағы Белқарағай орта мектебі", сондай-ақ "Аршаты орта мектебі", "Аққайнар орта мектебі", "Барлық орта мектебі", "Коробиха орта мектебі", "Ақсу орта мектебі" оқушылары қашықтықтан оқиды. 

Шемонаиха ауданы бойынша ауа температурасына орай, Верх-Уба орта мектебінің 1-4 сыныптары, ал Большеречка мектебінде су болмауына байланысты онлайн форматқа ауыстырылды.

Самар ауданы бойынша ауа температурасы –26-дан –40 градусқа дейін төмендеуіне байланысты 18 мектеп қашықтықтан оқыту форматына көшіріледі. Тек қана “Пантелеймоновка негізгі мектебі” КММ штаттық режимде жұмыс істейді, себебі елді мекендегі ауа температурасы –26 градус.

Тарбағатай ауданында 20 қаңтар күнгі ауа температурасы -29-37 градус аралығында. Аудан бойынша 28 білім беру нысанында сабақ онлайн режиміне ауыстырылды. Тек Жаңаталап орта мектебінде сабақ дәстүрлі форматта өтеді.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу