KZ
Өскемен
-27°
переменная облачность жел 1 м/с, С
510.43 594.86 6.49

Мыңға жуық шығысқазақстандық «әдемі» автонөмірлерге тапсырыс берген

9.01.2026, 16:00 457 Төлеуғазы Жансая

Биылдан бастап қазақстандықтар автокөліктің мемлекеттік нөмірін өз қалауынша таңдауда. Көлік нөміріндегі әріптер мен сандар комбинациясын онлайн түрде тапсырыс беру мүмкіндігін бүгінде мыңға жуық облыс тұрғыны қолданып үлгерген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұл қызмет 5 қаңтардан бастап мамандандырылған ХҚКО-ларда, сонымен қатар eGov.kz порталына немесе eGov Mobile қосымшасына кіріп, «Көлік және коммуникациялар» бөлімінен «Мемлекеттік тіркеу нөмір белгісіне тапсырыс беру» қызметін таңдау қажет.

Өтініш беру кезінде азамат өзі қалаған әріптер мен сандарды енгізеді. Жүйе автоматты түрде нөмірдің бағасын есептеп береді. Кейін мемлекеттік баж салығы төленіп, электронды қолтаңба арқылы өтініш расталады.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, 2026 жылғы 5 қаңтардан бері 10 және 15 АЕК тұратын нөмірлерге 961 өтініш түскен. Сұраныс күн сайын артып келеді.

Айта кетейік, өз қалауыңызбен таңдалған стандартты нөмірдің бағасы — 43 250 теңге. Ал егер дайын, кездейсоқ нөмір алғыңыз келсе, бұрынғыдай мүмкіндік бар. Мұндай нөмірдің құны — 2,8 АЕК, яғни, 2026 жылы 12 110 теңге.

Таңдалған нөмірді дайындау уақыты өңірге байланысты 5–15 күн аралығында. Қосымша ақы төлесеңіз, бұл мерзімді қысқартуға болады.

Айта кетейік, бұған дейін мұндай мүмкіндік тек «VIP-нөмір» ретінде, яғни, сұранысы жоғары, қымбат нөмірлерге ғана ұсынылатын.




Фот: gov4c.kz

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу