KZ
Өскемен
-39°
туман жел 2 м/с, В
512.16 594.72 6.57

Елімізде еріктілер саны 300 мыңнан асты

15.01.2026, 10:00 60 Ержан Әбіш

Ұлттық волонтерлік желі жүргізген әлеуметтік зерттеу 2025 жылы Қазақстанда волонтерлік қозғалыстың жаңа серпін алғанын көрсетті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Зерттеудің негізгі мақсаты – қоғамның волонтерлік қызметке деген көзқарасын бағалау, оның басым бағыттарын айқындау, сондай-ақ азаматтық сектор мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара байланыстың тиімділігін анықтау. Сауалнамаға еліміздің барлық өңірінен 11 мыңнан астам адам қатысып, волонтерлік ұйымдардың қызметіне кешенді талдау жасалды.

Зерттеу нәтижесіне сәйкес елімізде волонтерлік қызмет тұрақты түрде дамып келеді. Қазіргі кезде волонтерлер саны 300 мыңнан асып, жүзеге асырылған жобалар саны бес есеге артқан. Сауалнамаға қатысушылардың 89 пайызы волонтерлік қызмет туралы хабардар екенін, ал әрбір үшінші азамат волонтерлік бастамаларға белсенді түрде қатысатынын атап өткен.

Ең сұранысқа ие бағыттардың қатарында әлеуметтік қолдау көрсету, қоршаған ортаны қорғау және түрлі қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыруға арналған волонтерлік қызметтер бар. Сонымен бірге «Игі істер марафоны» мен «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы сынды бастамалардың салалық және корпоративтік волонтерліктің дамуына оң ықпал еткені айтылды.

Зерттеу қорытындысы волонтерлік ұйымдардың әлеуметтік мәселелерді шешудегі маңызын айқындап, олардың елдің тұрақты дамуына елеулі үлес қоса алатынын көрсетті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу