KZ
Өскемен
-32°
туман Штиль
510.95 594.49 6.5

«Қаңтар» оқиғасы кезінде ұрланған қарулар тәркіленді

14.01.2026, 17:45 219 Даурен Аллабергенұлы

Елімізде Ішкі істер министрлігі өткізген республикалық "Қару" жедел іс-шарасы аясында заңсыз айналымнан 340 қару мен 2 мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

– 14 криминалдық қару алынды. Оның ішінде сегізі «Қаңтар» оқиғасы кезінде ұрланған, алтауы бұрын жоғалғандар. Алыстағы шаруа қожалығы тексеріліп, нәтижесінде 70 атыс қаруы тәркіленді. Сонымен бірге ел тұрғындары өз еркімен 35 қаруды полицияға тапсырды, – деді Ішкі істер министрлігінің өкілдері.

ҚР Ішкі істер министрлігі заңсыз сақталған қаруды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын еске салады.



Фото: Polisia.kz

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу