KZ
Өскемен
-16°
туман жел 1 м/с, СШ
503.35 590.63 6.62

Құқықтық сауаттылық: оқу орындарында «Заң және тәртіп» айлығы басталды

15.01.2026, 16:30 135 Ержан Әбіш

Елімізде 8 қаңтардан бастап «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Заң және тәртіп» құқықтық сауаттылық айлығы өтуде. Оған еліміздегі барлық мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысуда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айлықтың мақсаты – білім алушылардың құқықтық мәдениетін арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және заңға құрмет сезімін қалыптастыру. Осы кезеңде білім беру ұйымдарында кездесулер, дәрістер, дөңгелек үстелдер, тренингтер ұйымдастырылып, уәкілетті органдар өкілдері жастарға заң нормалары мен құқықтық жауапкершілік туралы түсіндіруде.

Іс-шаралар Қазақстан Үкіметі бекіткен Қоғамда заң және тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдаманы іске асыруға бағытталған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу