Кен іздеушілікке лицензия алудың тәртібі қандай?
Фото: depositphotos.com
Қағидалардың 4-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет алушы «электрондық үкімет» веб-порталы (www.egov.kz) арқылы Кен іздеушілікке лицензия алу туралы өтініш береді.
Ол үшін (www.egov.kz) порталында авторизациядан не тіркеуден өтіңіз.
Одан кейін іздеу жолына «кен іздеушілік» деп жазыңыз және іздеу нәтижелері бойынша «Кен іздеушілікке лицензия беру» қызметін таңдаңыз. Ашылған «Кен іздеушілікке лицензия беру» терезесінде «Қызметті онлайн тапсырыс беру» батырмасын басыңыз, содан кейін Сіз автоматты түрде «e-license» порталына, «Кен іздеушілікке лицензия беру» бетіне бағытталасыз.
Одан әрі Сізге Қағидалардың қосымшаларына сәйкес нысанда өтінішті, Қағидалардың қосымшасындағы 8-тармақта көрсетілген қажетті құжаттармен бірге мемлекеттік қызмет стандартының «Кен іздеушілікке лицензия беру» қызметіне тапсыру қажет.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі құжаттар мен негізгі талаптардың тізбесі, сонымен бірге қызмет көрсету процесінің сипаттамалары, формасы, мазмұны мен нәтижесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып берілетін басқа да мәліметтер Мемлекеттік қызмет стандартына енгізілген.