2025 жылы отандық тауар өндірушілерге мемлекеттен қандай қолдаулар болды
Отандық өнеркәсіпті ынталандыру аясында QazIndustry кәсіпорындардың еңбек өнімділігін арттыруға және өнімді ішкі нарықта ілгерілетуге бағытталған шығындарын өтеуді жалғастыруда. 2025 жылдың қорытындысы бойынша мақұлданған өтінімдердің жалпы сомасы 1,4 млрд теңгеден асты, деп хабарлайды Altainews.kz.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мәліметі бойынша қаражаттың негізгі бөлігі еңбек өнімділігін арттыруға байланысты шығындарды өтеуге бағытталған. Бұл технологиялық процестерді жетілдіру, өндірісті жаңғырту және цифрландыру, технологиялық жабдықтарды сатып алу, сондай-ақ персоналды оқыту және қызметкерлердің құзыретін арттыру.
Осы бағыт бойынша ең көп өтінімдер машина жасау, металлургия, АӨК, жиһаз және құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорындардан түскен.