Биыл Рамазан айы 19 ақпанда басталады
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2026 жылға арналған мұсылман мерекелерінің күнтізбесін бекітті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ҚМДБ мәліметінше, қасиетті Рамазан айы 19 ақпанда басталады. Қадір түні 16 наурыздан 17 наурызға қараған түні өтеді. Ал Ораза айт 20 наурызда басталып, үш күнге жалғасады.
Сондай-ақ, Құрбан айт мерекесі 27–29 мамыр күндері атап өтіледі. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының хабарлауынша, хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының деректеріне негізделіп анықталған.
Фото: ҚМДБ
Оқи отырыңыз