KZ
Өскемен
-40°
туман жел 1 м/с, СШ
512.16 594.72 6.57

Отбасының цифрлық картасы: 2025 жылы 276 мыңнан астам адам өтінішсіз әлеуметтік төлем алды

13.01.2026, 09:30 88 Базарова Айгүл

Былтыр Отбасының цифрлық картасын (ОЦК) енгізу нәтижесінде 529,6 мың қазақстандыққа мемлекеттік қолдау шаралары туралы SMS-хабарлама жолданып, 276,2 мыңнан астам азамат жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді өтініш бермей алды, деп хабарлайды Altainews.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жариялаған мәліметке сәйкес, картада 20 млн азамат немесе 6,2 млн-нан астам отбасы туралы ақпарат жинақталған. Жүйе азаматтардың әлеуметтік мәртебесіне сәйкес мемлекеттік қолдауға құқығын анықтап, өтінішсіз рәсімдеуге мүмкіндік береді.

Бүгінде ОЦК арқылы әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылардың 11 түрі автоматты түрде тағайындалады. Мемлекеттік қолдау алу құқығы анықталған жағдайда азаматқа 1414 нөмірінен SMS-хабарлама жолданып, келісім берілген соң қаражат тікелей банк шотына аударылады.

Алаяқтықтың алдын алу үшін тек 1414 бірыңғай байланыс орталығынан келген SMS-хабарламаларға жауап беру қажет. Барлық сұрақтар бойынша 1414 нөміріне тегін хабарласуға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу