KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 4 м/с, ОБ
505.53 593.44 6.34

Қазақстанда e-Joldar ақпараттық жүйесі іске қосылады

Кеше, 15:00 86 Базарова Айгүл

2026 жылы автожол саласында e-Joldar бірыңғай цифрлық жүйесін іске қосу жоспарланып отыр. Бұл жүйе эталондық деректерді бір ортаға шоғырландырып, жол саласына қатысты ақпараттың қоғамдық бақылау үшін ашық болуын қамтамасыз етуге бағытталған, деп хабарлайды Altainews.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Автомобиль жолдары саласын цифрландыру аясында қазіргі таңда e-Joldar ақпараттық жүйесін енгізуге дайындық толық аяқталған. Жүйе бойынша барлық қажетті техникалық тапсырмалар мен шарттар әзірленіп, келесі жылдан бастап оны деректермен толтыру жұмыстары басталады. Нәтижесінде жолдарға қатысты құжаттар, төлқұжаттар мен жөндеуаралық мерзімдер туралы ақпаратқа жалпыға бірдей қолжетімділік қамтамасыз етіледі.

Вице-министр Мақсат Қалиақпаровтың айтуынша, 2026 жыл автожол саласы үшін ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру, қолданыстағы жол желісін жаңғырту және заманауи цифрлық шешімдерді енгізуді қамтитын маңызды кезең болмақ. Жол салу, жөндеу және басқарудағы кешенді тәсіл автомобиль жолдарының сапасы мен қауіпсіздігін арттырып қана қоймай, өңірлердің тұрақты дамуына және елдің көлік инфрақұрылымын нығайтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, келесі жылға жоспарланған жұмыстар Мемлекет басшысы жүктеген барлық міндеттер мен мақсаттарды белгіленген мерзімде әрі толық орындауға бағытталғаны атап өтілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу