Енді азаматтар автокөлік нөмірін еркін таңдай алады
Халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін (МТНБ) еркін таңдауға мүмкіндік беретін жаңа норма қолданысқа енгізілді. Енді көлік иелері кез келген қажетті әріптік және цифрлық белгілерді өз қалауынша таңдай алады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
5 қаңтардан бастап азаматтар МТНБ-ны арнайы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы рәсімдей алады. Бұл ретте, сұранысы жоғары нөмірлерді қоспағанда, қалаған әріптік және цифрлық белгілері бар МТНБ құны 10 АЕК пен 15 АЕК аралығында белгіленген.
ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Арай Төлегенқызының айтуынша, бұл жаңашылдық азаматтарға қызмет көрсету сапасын арттырып, рәсімдеу үдерісін барынша ыңғайлы етуге бағытталған.