Елорда күніне байланысты ХҚКО-лардың жұмыс кестесі өзгерді
Елорда күніне орай 7 шілде, дүйсенбі күні еліміздегі барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-лар демалыс күн тәртібіне көшеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына сілтеме жасап.
Алайда 5 шілде, сенбі күні кезекші орталықтар жұмыс істейді. Бұл күні азаматтар таңғы сағат 8:00-ден 12:00-ге дейін мемлекеттік қызметтер ала алады. Мамандандырылған ХҚКО-ларда құжаттарды қабылдау 11:00-ге дейін жүргізіледі, ал дайын құжаттарды 12:00-ге дейін алып кетуге болады.
Ал 8 шілдеден бастап ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар өз жұмысын әдеттегі кесте бойынша жалғастырады.
Сонымен қатар, 1 шілдеден бастап Өскемен қаласының №1 халыққа қызмет көрсету орталығы кезекші режимде жұмыс істеуде. Аталған орталықтың мекенжайы – Сәтпаев даңғылы, 34/2.
Еске сала кетейік, ХҚКО-лар арқылы тұрғындар құжат рәсімдеу, тіркеу, көлік құралдарын қайта ресімдеу, жүргізуші куәлігін ауыстыру сынды жүздеген қызметті пайдалана алады. Мереке күндері де азаматтар алдын ала жоспар жасап, қажетті құжаттарын уақытылы рәсімдеуге мүмкіндік алады.