Мұғалімдер арасында спартакиада өтті – ШҚО
Шығыс Қазақстан облысында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қызметкерлері арасында волейболдан облыстық спартакиада ұйымдастырылды. Аймақтың түкпір-түкпірінен жиналып, 13 колледждің намысын қорғаған 108 педагог тартысқа толы қызу бәсекеге көрсетті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Спартакиада Өскемен қаласында бір уақытта үш алаңда өткізілді. Қатысушылар волейболдағы шеберліктерін, төзімділік пен жеңіске деген жігерін айқын таныта білді.
Жарыс қорытындысы бойынша командалық есепте Өскемен жоғары политехникалық колледжінің командасы І орынды иеленіп, чемпион атанды. ІІ орын Үлкен Нарын колледжінің командасына бұйырды. Ал ІІІ орынды Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың Жоғары IT-колледжі мен Глубокое аграрлық колледжінің командалары өзара бөлісті.


