KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 4 м/с, ОБ
505.53 593.44 6.34

Қазақстан цифрландырудың платформалық моделіне ауыспақ

Кеше, 12:00 93 Базарова Айгүл

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру аясында биыл Қазақстан QazTech базасындағы цифрландырудың платформалық моделіне көшеді, деп хабарлайды Altainews.kz ел Үкіметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың цифрландырудың платформалық моделіне көшу туралы Жарлығын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінде Премьер-министр орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің төрағалығымен жиын өтті.

Жиынға орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ ұлттық холдинг пен компания өкілдері қатысты. Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының QazTech электрондық үкіметінің ұлттық ақпараттық-коммуникациялық платформасына міндетті түрде көшу мәселесіне басты назар аударылды.

Кездесу барысында 2026 жылдың басынан бастап QazTech платформасынан тыс жаңа ақпараттық жүйелерді құруға мораторий енгізілетіні атап өтілді. Цифрландыруды дамыту бір-бірінің қызметтерін қайталамай, тиімсіз бюджеттік шығынсыз, бірыңғай архитектура шеңберінде жүзеге асырылады.

Платформалық модельге көшу мемлекеттік цифрлық сервистер мен деректерді шоғырландыруға, артық ақпараттық жүйелер санын қысқартуға, сондай-ақ цифрлық шешімдер ауқымдылығын, қауіпсіздігі және технологиялық үйлесімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Біздің міндетіміз – цифрлық шешімдер бытыраңқы жобалар емес, жүйе ретінде жұмыс істейтін мемлекеттің орнықты, бірыңғай және тиімді цифрлық платформасын құру», — деп атап өтті Жаслан Мәдиев.



Фото: ҚР Үкіметі 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу