KZ
Өскемен
-11°
туман жел 3 м/с, ОБ
512.83 600.58 6.36

Қазақстанда 1 787 жүргізуші куәлігінің күші жойылды

Кеше, 11:00 110 Базарова Айгүл

Медициналық қарсы көрсетілімдерге байланысты Қазақстанда 1 787 жүргізуші куәлігінің күші жойылды. Бұл жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі мен Ішкі істер министрлігі бірлескен жүйелі жұмысының нәтижесі. Қазіргі таңда медициналық қарсы көрсетілімдері бар азаматтардың көлік құралын басқаруына жол бермеу – негізгі басымдықтардың бірі, деп хабарлайды Altainews.kz.

Ведомстволар арасындағы цифрлық өзара іс-қимыл нәтижесінде диспансерлік есепте тұрған 369 мыңнан астам адамға талдау жүргізілді. Оның ішінде 96 мыңнан астам азаматтың жүргізуші куәлігі болғаны анықталды.

2025 жылғы 10 желтоқсандағы жағдай бойынша сот органдарына жолданған талап-арыздарды қарау нәтижесінде медициналық қарсы көрсетілімдері бар 1 787 адамның жүргізуші куәлігі жарамсыз деп танылды.

Сонымен қатар, психоневрологиялық және наркологиялық есепте тұрған азаматтар туралы деректерді екі министрліктің ақпараттық жүйелері арасында нақты уақыт режимінде алмасу жолға қойылды. Бұл шешім көлік құралын басқаруға рұқсат беру кезінде қауіп-қатерлерді азайтуға мүмкіндік береді.

Министрліктердің бірлескен жұмысы жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, халықтың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған және алдағы уақытта да жалғасады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу