ШҚО-да боранда 8 бала жолда қалды
Шемонаиха ауданында қатты боранның салдарынан 16 адам мен бірнеше көлік жолда қалды. Айта кету керек, бүгін кешке Шығыс Қазақстан облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» бағытының 1194-1212 шақырымында жол қозғалысына шектеу енгізілген болатын, деп хабарлайды Altainews.kz.
Шектеу тек жолаушылар автобусы, тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктеріне қатысты болғандықтан алаңсыз жолға шыққан жеңіл көлік иелерін ақтүтек боран абдыратып, қозғалысын тоқтатуға мәжбүр етті. Қар құрсауында жолда қалған автомобиль ішіндегі адамдардың өміріне нақты қауіп төнгендіктен құтқарушылары шұғыл түрде әрекет етті. Нәтижесінде 16 адамды, оның ішінде 8 баланы қауіпсіз аумаққа эвакуациялады. Олар Шемонаиха қаласындағы жылыту пунктіне жеткізілді.
Ауа райының мұндай жағдайында жолда қалу үсікке шалдығу, көліктің істен шығуы және дер кезінде көмекке қол жеткізбеу қаупін арттырады.
ТЖМ азаматтарды дауылды ескертулерге қарамастан жолға шықпауға, әсіресе, алыс бағыттарға бет алмауға шақырады.