Жол қозғалысына уақытша шектеу – ШҚО
«ОблШығысЖол» мекемесінің мәліметіне сәйкес, 21 желтоқсан күні сағат 10:00-ден бастап ауа райының күрт нашарлауына байланысты облыстық маңызы бар автожол учаскесінде уақытша шектеу қойылады, деп хабарлайды Altainews.kz.
Боран, қатты жел мен көктайғақтың салдарынан облыстық маңызы бар «Шемонаиха – Секисовка» автомобиль жолының 0–56 шақырым аралығында (Шемонаиха қаласы – Секисовка ауылы) жолаушылар автобустары мен тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысы тоқтатылады.
Жол қозғалысына қатысушылардан қауіпсіздік талаптарын сақтап, алыс жолға шығуды шектеу сұралады. Қозғалыс жағдайы жақсарған соң қосымша ақпарат берілетін болады.